Алматыда жүк пойызы жеңіл көлікті жаншып тастады
Инстаграм
Төтенше оқиға Бекмаханов пен Сүйінбай даңғылының қиылысында орын алған.
Алматыда Түркісіб ауданында жеңіл көлікті жүк пойызы іліп кетіп, сау-тамтығын қалдырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше оқиға Бекмаханов пен Сүйінбай даңғылының қиылысында орын алған. Оқыс оқиға суреттері Instagram-дағы kris.p.almaty парақшасында жарияланды.
Суреттен пойыздың Lada Priora маркалы көлігін қырынан іліп, жаншып тастағанын көруге болады. Соған қарағанда, жеңіл көлік пойыз келе жатқанда өтіп үлгермекші болған секілді. Қазір құзырлы органдар оқиғаның анық-қанығын зерделеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript