ШҚО пойыз автокөлікті жаншып өтті

yk-news.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2019 17:21 yk-news.kz
Жеңіл көліктің жүргізушісі аман қалғанымен бірқатар жарақаттар алған.

Жолаушылар тасымалдайтын темір жол құрамының қатысуымен болған оқиға Серебрянскте орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің ақпаратынша, 7 сәуір күні Серебрянсктегі темір жол өтпелдерінің бірінде пойыз жеңіл автокөлікпен қақтығысқан. Желіде тараған видеожазбадан көліктің құрамның таяп қалғанына қарамастан жолды кесіп өтпек болғаны, бірақ үлгере алмай қалғаны көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде пойыздың көлікті белгілі бір қашықтыққа дейін сүйреп әкеткені айтылып отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі аман қалғанымен бірқатар жарақаттар алған.

Таяу күндері біз полиция қызметінен ЖКО қатысты ресми мәліметті алуға тырсатын боламыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: