Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстанда жасөспірім әскери полигонда жарылысқа тап болды

Ашық дереккөздерден, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2019 21:18 Ашық дереккөздерден
Бозбала алған жарақаттар нәтижесінде оқиға орнында қаза тапты.

Рудаки ауданының кәмелетке толмаған тұрғыны Луяр әскери полигонында жарылысқа тап болды, деп хабарлайды Тәжік телеграф агенттігі.

"Қайғылы оқиға 3-ақпан күні Луяр әскери полигонында орын алды. Онда 201-ресейлік әскери базасының әскери қызметкерлері жиі оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп тұрады", - деп хабарлады ТР ІІМ.

Кеше, Рудаки ауданына қарасты Лохур ауылдық жамағатының тұрғыны 17 жастағы Раджабов Сироджиддин Нурмахмадұлы темір жинау мақсатында әскери полигонға барған.

Полигонда жүрген жеткіншек жарылмай қалған снаряд тауып алған. Ол оны бөлмекші болып, жарылғышты таспен ұрыпты. Салдарынан жарылыс болады. Жасөспірім алған жарақаттардың нәтижесінде оқиға орнында тіл тартпастан ажал құшқан. Аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Луяр" әскери полигоны Тәжікстанда пәтерлендірілген Ресейдің 201-әскери базасы әскери қызметкерлерінің жиі оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп тұратын орыны болып табылады.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: