Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттегі перзентхана маңындағы жарылысқа қатысты тергеу басталды

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 14:40 Сурет: Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Шымкент қаласының полиция департаменті перзентхана маңында орын алған жарылыс фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Оқиға орнында күзетші қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 мамыр күні сағат 12:06-да 102 шұғыл байланыс желісіне Г. Иляев көшесінде жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түскені белгілі.

Шымкент қалалық ПД қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖД қызметкерлері жарылыс салдарынан №138 мекенжайындағы ауруханааралық дәріхана ғимаратының күл-талқаны шыққанын анықтады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа ауада газдың көптеп жиналуы себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері перинаталды орталықтың науқастары мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялап, оқиға орнын қоршауға алды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды. Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ведомство тергеу басталғанын хабарлады.

Шымкенттегі жарылыс фактісі бойынша Еңбекші аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 2-бөлігі, яғни "Адам өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2022 14:40

Сурет: Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: