Алматыда ауыр техника аударылып, жүргізушісін жаншып тастады
zakon.kz
Жүргізуші алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Алматыда Петрозаводская көшесінде ауыр техника ауып кетіп, аударылған, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Жүк көтеретін шағын техника жолмен өрге қарай шығып бара жатқан. Көп түскен қардың салдарынан арнайы техника бір уақытта алға жылжудың орнына бір орнынан айналып, аударылады.
Ол айналған кезде жүргізуші жолға ұшып кетіп, оның үстіне ауыр техника келіп құлаған. Бір сөзбен айтқанда, жүргізуші жаншылып қалды. Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиға орнында жүргізушімен бірге оның жұмыс берушісі де болған. Ол марқұмды екі күн бұрын ғана жұмысқа алғанын айтты. Оқиғаның мән-жайы егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript