Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық: жыл басынан бері 94 факті анықталды 

kun.kz kun.kz
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жүйелі жемқорлықтың 94 фактісін анықтады, олар бойынша 299 тұлғаға қатысты 548 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

315 қылмыс өндіріспен аяқталып, сотқа 252 қылмыстық іс жіберілді. Қазіргі уақытта 53 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Статистика көрсеткендей, жүйелі жемқорлықтың басым бөлігі мына өңірлерде анықталған: Алматы облысында – 13 (84 қылмыс), Алматы қаласында – 11 (43 қылмыс), Шығыс Қазақстан облысында (63 қылмыс), Солтүстік Қазақстан облысында (55 қылмыс) және Қостанай облысында (45 қылмыс) - 7 факт.

Өткен аптада түрлі салаларда анықталған тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілеріне жеке тоқталғым келеді, деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров:

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аумақтық инспекциясы Алматы облысының "Талдықорған" көліктегі фитосанитариялық бақылау бекетінің бас маманына қатысты пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында жүйелі негізде жүктердің қараусыз өтуі және жалпы қамқорлығы үшін ЖШС және ЖК өкілдерінен, сондай-ақ жеке тұлғалардан "KASPI GOLD" карточкалық шотына аудару арқылы жалпы сомасы 73 000 теңге пара алған. Тергеу жалғасуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы" ММ-нің лауазымды тұлғасына қатысты тұрмыстық жемқорлық және шағын және орта бизнеске араласу саласында тергеу басталды. Ол астаналық 4 базардың аумағында кәсіпкерлік субъектілерінен ауыл шаруашылығы өнімдері мен пиломатералдарды сатуға сәйкестік сертификатының болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлығы үшін бұрын келісілген сома бойынша үшін 16 мыңнан 700 мың теңгеге дейінгі аралықта алымдар алған. Алдын ала тергеу жалғасуда. Арнайы – жедел шаралар жүргізілген а.ж. 4-30 тамыз аралығында кәсіпкерлік субъектілерімен 17 пара алу және 16 пара беру фактісі тіркелді. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасы командиріне қатысты қызмет бойынша қамқорлығы үшін 5 000-нан 70 000 теңгеге дейінгі мөлшерде қарамағындағы қызметкерлерден қорқытып алу жолымен жүйелі негізде пара алу фактісі (10-нан аса факт) бойынша қылмыстық істі тергеуде. Сот азамат М-ға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО арқылы жалған медициналық анықтамалар мен автомектептер бітіру туралы куәліктерді қолдана отырып, азаматтарды іс жүзінде оқытпай, теориялық және практикалық емтихандар тапсыртпастан жүргізуші куәліктерін 80 мыңнан бастап 120 мың теңгеге дейінгі сыйақыға заңсыз беруді ұйымдастырған бір топ адамға қатысты тергеу басталды. Аз уақыт аралығында 2 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілгені анықталды. Тінту кезінде 7 мектеп мөрі, 479 бітіру туралы куәлік бланкісі мен адамдардың сауалнамалық деректері толтырылмаған, дәрігерлердің қолдары мен мөрлері қойылған №086 үлгісіндегі жалған медициналық анықтамалар табылды. Мұндай куәліктердің иелері жол қозғалысы ережелерін бұзады, ал олардың әрекеттері жол қозғалысының қатысушыларын ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін. Істің бас фигурантына қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда.

Жоғарыда аталған істер бойынша күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз