Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстан бидайы биыл да Түркіменстан мен Ауғанстанға экспортталады

Астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3,0 млн тонна астық түсті.

Сурет : kazakh-zerno.net22 Қыркүйек 2020, 12:20

Қазіргі күні еліміздегі астық алаңының 93,4 пайызы жиналып, қамбаға 18 млн-нан астам астық бастырылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында биыл егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары екенін және гектарына орташа есеппен 12,3 центнерден жиналғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3,0 млн тонна астық түсті, бұл 2019 жылғы осындай мерзімде астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға келіп түскен астық көлемінен 2,1 есе көп.

"Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді", - деді Сапархан Омаров.

Сондай-ақ, ҚР АШМ басшысы отандық бидай мен ұн қай елдерге экспорталатынын атап өтті.

"Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жолданатын болады", - деді С.Омаров.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер