Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Биыл бидайды "Корпорация" қандай бағамен сатып алады

Күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағалары осы дақылдарды жинап болғаннан кейін белгіленетін болады.

Сурет : kazakh-zerno.net22 Қыркүйек 2020, 15:10

ҚР Ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың сатып құнын белгілегенін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай тоннасына 83-87 мың теңге дәлізінде, 4-сыныпты бидайға – 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады, Бұл ретте сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де ескерілді", - деді С.Омаров.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көптеген өтініштері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 24,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде форвардтық сатып алу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен жүзеге асырылды, 516 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға келісімшарт жасалды.

Еске салсақ, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан (93,4%) астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Гектарына орташа есеппен 12,3 центнерден жинағанда 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн. тонна).

Күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағалары осы дақылдарды жинап болғаннан кейін белгіленетін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер