Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заңдар қабылдады

Оның бірі Қырғыз елімен, тағы бірі Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы саяи-экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Сурет : ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі24 Қыркүйек 2020, 12:15

Бүгін - 24 қыркүйекте Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттар "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

Заңға сәйкес, 2021 жылғы 15 тамызға дейін Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес ЕАЭО кедендік шекарасындағы өткізу пунктерін жаңғыртуға тиіс. Ветеринариялық, санитариялық, фитосанитариялық, радиациялық бақылау жүргізуге арналған жабдықты және кедендік бақылау жүргізуге арналған тасымалданатын жабдықты, оның ішінде тексеріп қарауға арналған рентген техникасын орнатуы қажет.

"Қырғызстанның кеден бекеттерінде заманауи жабдықтар орнатылуда, оның көмегімен лауазымды тұлғаның қатысуынсыз сканерлеу арқылы тауарларды бақылау жүзеге асырылатын болады. Барлығы автоматтандырылған: ақпарат сканерленіп, орталық кеден органына берілетін болады, онда қажетті мониторинг жүргізіледі. Өткізу пунктерінде тауарды сәйкес емес атаумен декларациялау жағдайларын анықтауға көмектесетін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жоспарлануда", - деді депутат Сергей Карплюк.

Сондай-ақ сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң қабылдады. Шарт бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өз отанында одан әрі өтеу үшін сотталған адамдарды екі мемлекет арасында ауыстыру мүмкіндігіне байланысты мәселелерді реттейді.

"Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде, өкінішке орай, біздің 6 азаматымыз, оның ішінде 5 ер адам және бір әйел адам қамауда отыр. Тиісінше, осы заңға ел Президенті қол қойған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы уәкілетті орган ретінде оларды отанына қайтару шараларын қабылдайтын болады", - деді депутат Сәуле Айтпаева.

Сонымен қатар, Сенаттың жалпы отырысында депутаттар бірқатар сауалдар жолдады. Сенатор Ольга Перепечинаның үндеуі 4 деңгейдегі бюджетті және жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық тәуелсіздігін енгізуге қатысты болды. Нариман Төреғалиев интернетте балаларды қорлаудан қорғау қажеттілігі туралы мәлімдеді. Әлімжан Құртаев ҰОС тұтқындарын оңалту туралы ұсынысын жеткізді. Депутат Андрей Лукин отандық тауарларды аккредиттеуге және сертификаттауға байланысты мәселелерді қозғады. Ал сенатор Дана Нұржігітова балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы сауал жолдады. Еліміздің батысындағы республикалық жолдардың құрылысына байланысты проблемалар депутат Ғұмар Дүйсембаевтың сауалында айтылды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер