Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде адам саудасымен айналысатындар қанша ақша табады

112.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2020 21:41 112.ua
Егер бұл жыныстық қанау болса, онда 50 мың теңгеден бірнеше мың долларға дейін бағаланады.

ҚР Ішкі істер министрлігі адам саудасы бойынша болжамды кірістердің цифрын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бағасы әртүрлі. Егер бұл жыныстық қанау болса, онда 50 мың теңгеден бірнеше мың долларға дейін бағаланады. Жаңа туған нәрестелерді сатуда шамамен 2-3 мың доллар ұсынылады, кей жағдайда пәтерге, автокөлікке айырбастау жағдайлары болған, - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің ерекше маңызды тапсырмалар бойынша аға жедел уәкіл Шынар Көшербаева.

Оның айтуынша, орта есеппен жылына адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыстық іс қозғалады. Соңғы жылдары Қазақстан азаматтарын Түркияға, Оңтүстік Кореяға және Бахрейн Корольдігіне экспорттаудың бірнеше арналарының жолы кесілді.

- Адам саудасы - бұл бір адамның ғана қатысуындағы қылмыс түрі емес, бұл - тұтас тізбек: сатушыдан бастап қанаушыға дейінгі аралықтағы. Егер бұл мәжбүрлі түрде қара жұмысқа жегу болса, онда негізінен адамдар шаруа шаруашылығында, жайылымдарда жасырулы ұсталады. Егер бұл жыныстық қанау болса, онда қыздарды қалаларға әкеліп, қонақ үйлерде, сауналарда және арнайы пәтерлерде жезөкшелікке салады (...) Осы жылдың сегіз айында адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша 64 қылмыстық іс қозғалды. Биылғы жылы осы негіздегі қылмыстар бойынша 26 адам сотталды, - дейді Криминалдық полиция департаментінің ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға жедел уәкілі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: