4 мың долларға алтыннан маска жасатқан кәсіпкер қайтыс болды

Twitter/@Drkhenaizan Twitter/@Drkhenaizan
Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында кәсіпкер Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болды.

Үндістанда коронавирус індеті кезінде өзіне алтыннан маска жасатқан кәсіпкер қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында кәсіпкер Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болды.

Шілде айында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары күніне бір келіге жуық алтын әшекей тағатын 49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 грамм болатын алтын маскаға тапсырыс бергені туралы ақпарат таратты. Ерекше масканы жасауға шеберлер 8 күн жұмсаған.

- Бұл - тыныс алуыма мүмкіндік беретін ұсақ тесіктері бар жұқа маска. Ол коронавирустан қаншалықты тиімді қорғайды, ол жағына қатты сенімді емеспін, бірақ мен басқа да сақтық шараларын қолданып жатырмын, - деген еді ол кезде Кураде.

Кәсіпкер ерекше маскаға шамамен 4 мың АҚШ долларын шығындапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз