Желіде Алматыдағы жойқын жол апатының видеосы пайда болды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2020 17:34 видеодан алынды
Жол апаты оқиғаға куәгердің көлігіндегі видео құрылғыға жазылып қалған.

Алматыда 28 қыркүйекте таңертең жалдамалы көлік пен такси соқтығысып, жол апаты орын алды. Оның видеосы желіде тараған еді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты оқиғаға куәгердің көлігіндегі видео құрылғыға жазылып қалған. Видеода такси көлігінің жасыл бағдаршамға көше қиылысынан өткендігі көрінеді. Сол кезде оған қилысқан жол бағытынан Volkswagen Polo келіп соқтығысады. Қатты соққыдан Hyundai жолдың келесі бетіне ұшып кетеді.

Апат салдарынан такси жүргізушісі мен жолаушылар жарақат алған. Дәрігерлердің айтуынша, бір зардап шегуші ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылды, оған ота жасалды. Екінші науқас травматология бөліміне жатқызылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: