Марғұлан Боранбаев "ұлттық алауыздықты қоздырды" деген күдікпен қамалды

RFE/RL RFE/RL
179-бап бойынша жеті жылға бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған.

Блогер Марғұлан Боранбаев уақытша қамау изоляторына қамалды. Ол "ұлттық алауыздық қоздыру" (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) және "конституциялық құрылысты күшпен өзгерту" (179-бап) баптары бойынша күдікке ілінген.

Бұл туралы оның адвокаты Әнуар Байдар хабарлады.

"Тергеу құпиялылығын сақтау туралы қолхатқа қол қойғандықтан басқа ештеңе айта алмаймын. Алайда мен қорғап отырған адамды қамауға отырғызу үшін 179-бапты жасанды түрде ұйымдастырды деп санаймын" деп жазды Байдар Facebook-тегі парақшасында.

Адвокаттың айтуынша, былтыр көктемде қозғалып, соңы "бұлыңғыр" болып кеткен іс қозғалып, оған 179-бап та қосылған.

- Ол іс бойынша соңғы рет қыркүйек айында өтініш түсіргенмін. Одан кейін соңы түсініксіз болып кетті. Тергеуші істің жүру барысын хабарламады. Тоқтатты ма, тоқтатпады ма, белгісіз болып келген еді, - деді Байдар Азаттық тілшісіне.

179-бап бойынша жеті жылға бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған.

Әнуар Байдардың сөзіне қарағанда былтыр алғаш рет іс қозғалған кезде жүргізілген сараптама қорытындысы Боранбаевтың әрекетінен "конституциялық құрылысты күшпен өзгерту" белгілерін таппаған. Ол былтыр тамыз айында жаңадан сараптама жүргізілгенін кеше ғана білген және оның қорытындысымен келіспей отыр.

2 қазанда Азаттық тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанмен жауап ала алмады. Марғұлан Боранбаев әлеуметтік желілерде ұлттық сипаттағы жазбаларымен танымал болған блогер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз