Bek Air ұшағының апаты: Экс-шенділерге қатысты сот үкімі жарияланды
Алматы облыстық сотында Bek Air ұшағы құлаған Алматы әуежайының маңындағы жерді заңсыз бөлу ісі бойынша үкім жарияланды. Үш экс-шенеунікке 3 жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды. Қалған сотталушылар 2,5 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде жаза арқалады, деп хабарлайды zakon.kz.
Барлығы бұл іске 5 экс-шенеунік және бір риэлтор қатысуда. Сотталушылардың көбісі қызмет бабын асыра пайдаланды және алаяқтық жасады деп айыпталуда.
Істі Талғар аудандық сотының судьясы Ілияс Мұхадиұлы қарастырып жатыр. Бүгін, 12 мамырда сот үкімін жариялады.
Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Рустам Тұрысбеков кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, ең төменгі қауіпсіз колонияда 5,5 жылын өткізетін болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімінің 1/4 қысқартылды. Нәтижесінде ол 4,1 жылды қауіпсіздігі шектеулі колонияда өтеуі керек болады.
Сот оны сот залында күзетпен ұстау туралы шешім шығарды.
Талғар облысы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Қайрат Алтынбекұлы кінәлі деп танылды. Сот оны 6 жыл мерзімге мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, қауіпсіздігі шектеулі колонияда 4 жылын өткізуді бұйырды. Рақымшылыққа байланысты оның мерзімі қысқарып, колониядағы мерзімі 3 жыл деп тағайындалды.
Риэлтор Нұрайым Алданыш 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қауіпсіздігі орташа колонияға жіберілетін болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімі 2,5 жылға қысқарды.
Қалған сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Жер регистрі ғылыми-өндірістік орталығы Талғар облыстық бөлімінің бұрынғы бастығы Жарас Мәшімбаевқа 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шықты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған рақымшылыққа байланысты оның мерзімі 3 жылға дейін қысқартылды.
Бұрынғы Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы аймақтық бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медеу Қалыбековке де 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы сот үкімі шықты. Рақымшылыққа байланысты оның мерзімі 3 жылға дейін қысқарды.
Басқарманың Жерге орналастыру секторының бұрынғы бастығы міндетін атқарушы Берік Абдуллаевқа 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Рақымшылықтың арқасында оның мерзімі 3 жылға дейін қысқарды.
Сот оларды пробация қызметіне тіркеу туралы шешім шығарды. Олар жылына 100 сағат еңбекпен айналысуға мәжбүрленеді.
2019 жылдың 27 желтоқсанында Bek Air авиакомпаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан ұшағы апатқа ұшырады. 12 адам қаза тапты.