Елімізде қазақы төбеттер полиция қызметіне пайдаланыла бастады

polisia.kz polisia.kz
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығына қазақы төбеттердің күшіктері әкелініп, жаттықтырылып жатыр.

Төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады. Бұл туралы онлайн-брифингте ІІМ басшысының кеңесшісі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында төбеттер алғаш рет полиция қызметінде қолданыла бастады.

- Күшіктер Алматыдан әкелінген. Бүгінде олар жаттықтырылып жатыр, – деді Нұрділдә Ораз.

Иттер есірткі табу және адамдарды иістері арқылы анықтауға үйретіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында 38 ит қызмет етеді. Олардың басым көпшілігі – неміс және бельгия овчаркалары. Кинологтардың айтуынша, төбеттер жақсы үйретіледі және басқа иттерден кем түспейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз