Желідегі видеода баласына сыра ішкізген мас әйелдің кім екені анықталды

8 Қазан 2020, 10:53
Сурет: 11gp.by

Әлеуметтік желілерде кішкентай баласына сыра ішкізген мас әйелдің видеосы пайда болып, ол қазақстандықтар арасында үлкен реакция тудырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Семей қаласы. Балалардың әкесінің айтуынша, әйелі ішкілікке жиі салынып, көп есін білмейді, тіпті кейде бірнеше күнге жоғалып кетеді. Полиция ешқандай шара қолданбайды, тек әкесі мен шешесінен түсініктеме алумен шектеледі, - делінген видео сипаттамасында (этикалық себептерге байланысты редакция видеоны жарияламайды).

Шығыс Қазақстан облысының полициясы бұл видеоға қатысты жауап берді. Олар видео баяғыда түсірілгенін айтып, қазір ішкілікке салынған әйелдің оңалып келе жатқанын жеткізді.

- Әлеуметтік желілерде таралған видеоға қатысты келетін болсақ, ол ертеректе түсірілгені анықталды. Сонымен бірге, тексеру кезінде Ұлан ауданының ювеналды полициясының қызметкерлері қазіргі уақытта кішкентай баласы бар ананың тұрғылықты жері мен тұрмыстық жағдайын тексерді және мұндай тексерулер алдында да жүргізіліп келген. Қазіргі уақытта әйел Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында тұрады және алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбайды. Отбасы жоғарыда аталған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының бақылауында, - дейді полициядағылар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?