Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2020 20:24 inform.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бизнес-процестерді мүмкіндігінше цифрландыруды тапсырған болатын.

Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттік қызмет онлайн режимге ауыстырылды, деп хабарлайды zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді "Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру", "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау", "МЖК ААЖ графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу", "Жер учаскесіне актілер дайындау және беру", "Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру" сияқты мемлекеттік қызметтер egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болады.

Қазіргі таңда барлық қажетті нормативтік-құқықтық акті тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп, қызметтер egov.kz порталында тестілеуден өтіп жатыр. Нормативті актілер күшіне енгеннен кейін кез келген азамат бұл қызметтерді онлайн түрде сұрата алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Мәди Садановтың айтуынша, жер қатынастарына байланысты қызметтерді алу қашанда қиындықтарымен ерекшеленіп келген. "Жер бойынша көрсетілетін қызметтердің көп бөлігі тек қағаз түрінде және қызмет алушының мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне тікелей баруымен ғана ұсынылды. Цифрлық технологиялар дәуірінде тұрғылықты жерге байланып, қызметтің нәтижесін бірнеше күн, тіпті бірнеше апта күту, әрине, орынсыз. Сондықтан біз жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердің көрсетілу мерзімін қайта қарастырып, барынша азайттық. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы алу мүмкіндігі оларды тұрғылықты жеріне қарамастан әлемнің кез келген жерінде отырып алуға жол ашады. Басты талап – электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы", – деді Саданов.

Мәселен, егер бұрын МЖК ААЖ графикалық мәліметтерімен жобаланатын жер учаскесін келісу мерзімі 15 күнтізбелік күн болса, қазір ол 7 жұмыс күніне дейін, ал жеке сәйкестендіру құжатын дайындау уақыты 6 жұмыс күнінен 4 күнге дейін қысқарды. Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру мерзімі 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейін қысқарды. Барлық бес қызмет бойынша да солай.

Айта кетейік, жаңа қызметтер egov.kz порталының "Жылжымайтын мүлік" бөліміндегі "Жер қатынастары" тармағында қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бизнес-процестерді мүмкіндігінше цифрландыруды тапсырған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: