Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаттары "World clean up Day" ауқымды экологиялық акциясына қатысты

С.Майлыбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2020 18:21 С.Майлыбаев
Елді көгалдандыру - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында қойған маңызды міндеттерінің бірі.

Мәжіліс депутаттары "World cleanup Day" атты ең ірі экологиялық акцияға қатысты. Қазақстан Дүниежүзілік тазалық күніне Мемлекет басшысының "Birge - taza Qazaqstan" акциясын тұрақты негізде өткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан қаласының Есіл өзені бойындағы саябақ аумағында үйеңкі, қарағаш, емен, қарағай, шырша, қарағай көшеттерін отырғызды. Осылайша депутаттар Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы қазақстандықтардың белсенді демалысы үшін қолайлы да заманауи кеңістікке айналдыратын аймақты абаттандыруға өз үлестерін қосты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2020 18:21

Елді көгалдандыру - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында қойған маңызды міндеттерінің бірі. Алдағы бес жылда орман қорына 2 миллиардтан астам, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері Мәжіліс депутаттарының үнемі назарында. Осыған сәйкес, Палата экологиялық заңнаманы жаңғыртуға бағытталған бірқатар заң жобаларын әзірлеу үстінде. Оның ішінде жаңа "Экологиялық кодекстің" жобасы бар. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары елдің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қажетті заңдар қабылдау, инновациялық технологияларды енгізу, алдын алу шараларын әзірлеу және халықтың экологиялық мәдениетін көтеруді қажет деп санайды.

Депутаттардың пікірінше, бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың және тұтастай алғанда елдің тұрақты дамуының қажетті алғышарты. Әр түрлі экологиялық науқандарға қатысу қоршаған ортаға ұқыпты және жауапкершілікпен қарауға, экологиялық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді.
, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2020 18:21

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: