Нұр-Сұлтанда заңсыз ойын бизнесінің екі орны анықталды

13 Қазан 2020, 14:31
Сурет: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қала аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі мекен-жай бойынша орналасқан орындарды тексеру барысында процессорлар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнетіркеушілер, интернет-модемдер, сондай-ақ ақша қаражаты анықталып, тәркіленді. Сол уақытта аталған жерде ойыншылар мен ойын әкімшісі болды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 307-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалып, (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?