Желіде Қызылорда облысында жер үшін төбелескендердің видеосы тарауда

13 Қазан 2020, 16:57
Сурет: видеодан алынды

Қызылорда облысында ауыл тұрғындары егін жинау кезінде жерге таласты. Аудан әкімдігі бұл мәселе шешілгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Kozachkov offside Telegram каналында Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындарының арасындағы төбелестің видеосы пайда болды.

- Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Тоқмағамбетов атындағы ауылда жер үшін нағыз шайқас жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар үлкен егістік жер үшін кәсіпкермен жаға жыртысқан. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін білмеймін, бірақ бұл мәселеде техника іске қосылып үлгерді, ал кеше ол жақта атыс болды. Иә, 2020 жылы Қазақстанда адамдар жер үшін оқ атып жатыр, делінген хабарламада.

Видеода адамдар төніп келген комбайнды кері қайтаруға тырысып жатқаны көрсетілген. Әйелдер комбайнның жолын кес-кесчтеп алдына шығып алады. Оқиға куәгерлері оларды қууға тырысады. Осы кезде төбелес басталады. Тағы бір видеода адамдар көлікті аударуға тырысып жатыр. Шетте тұрған әйелдер көлік ішіндегі адамдардың кетуін талап етеді.

Әкімдіктегілер жерге қатысты даулы мәселе туындағанын растады, бірақ бұл мәселе өз шешімін тауып үлгеріпті. Дау 105 гектар күріштің жиын-терімі кезінде туындапты.

- Биыл Сырдария ауданы, Тоқмағамбетов ауылында егін орағы кезінде "Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС-ға қатысты даулы мәселе туындады. "Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС-ға тиесілі егіс алқаптарына себілген 105 гектар күрішті жинау кезінде екіжақты келіспеушіліктер туындады. Осы уақытқа дейін "Асқар Тоқмағамбетов Жер" ЖШС жарғылық капиталының 90% иелік ететін М. А.Бисенбайдың өкілетті уәкілі Алдоңғаров ауылмен бірігуге келісімін берді. Нәтижесінде 105 гектар алқапқа себілген күрішті "Азамат" шаруа қожалығының төрағасы А.Сқақов жинайтын болды, деп хабарлады Сырдария ауданы әкімдігі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?