Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық жолаушылар әуе рейстері азайтылады

azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2020 15:29 azattyq-ruhy.kz
Рейстер әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.

26 қазаннан бастап бірқатар елдермен арадағы халықаралық жолаушылар рейстерінің саны қысқартылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 19 қазандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың деңгейін ескере отырып, 2020 жылғы 26 қазаннан бастап келесі елдерге/елдерден халықаралық жолаушылар рейстерінің саны:

1) Біріккен Араб Әмірліктері - аптасына 8 рейске;

2) Беларусь – аптасына 5 рейске;

3) Германия – аптасына 2 рейске;

4) Украина – аптасына 2 рейске азайтылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: (термометрия, әлеуметтік қашықтық, беитперде кию, ПТР тестінің және т.б.) қатаң сақтай отырып және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай әуе компаниялардың сайттарында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: