Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан халықаралық әуе рейстері санын арттырады

rus.azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2021 22:58 rus.azattyq-ruhy.kz
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 6 мамырдағы шешіміне сәйкес, тұрақты халықаралық әуе рейстерін бірқатар бағыт бойынша ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша.

Черногория:

- 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейспен Алматы – Подгорица – Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстері ашылады.

БАӘ:

- 2021 жылғы 10 мамырдан бастап Алматы – Дубаи – Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан - Дубаи - Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.

Қырғызстан:

- 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейспен Алматы – Тамшы – Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Өзбекстан:

– 2021 жылғы 15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы - Самарқанд - Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

"Сонымен қатар, 2021 жылғы 20 мамырдан бастап "Эйр Астана" АҚ-ның Атырау – Франкфурт – Атырау бағытындағы рейстерін кезең-кезеңмен Атырау - Амстердам - Атырау бағытындағы рейстерге ауыстыруына рұқсат етілді. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделеді", делінген ресми хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: