Қазақстаннан БАӘ мен Түркияға әуе рейстері ұлғайтылды

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 17:19 inform.kz
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады.

Қазақстан "SCAT" авиакомпаниясының аптасына 8 рейс орындауына рұқсат етіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылғы 15 ақпандағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша Қазақстан "SCAT" авиакомпаниясының аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етіледі.

Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ), Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды жолаушыларын COVID-19 теріс ПТР-тестпен 100% қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған шешімге сәйкес, түрік авиатасымалдаушыларға Алматы мен Анталия қалалары арасындағы екі қосымша рейстер орындауға рұқсат етілген.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: