Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
![видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2021 23:00](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9f116754-9569-4b24-9d37-9493c8767e52/800x452.webp)
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 наурыздағы шешіміне сәйкес, Алматы – Душанбе – Алматы бағытында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тұрақты рейстерді қайта ашуға рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Тәжікстанда Covid-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі індетке қарсы іс-шараларды күшейту жөніндегі республикалық штабтың шешіміне байланысты бастапқы кезеңде рейстер әр тараптан аптасына 1 рейстен ғана орындалады.
2021 жылғы 14 наурыздан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы мен Душанбе қалалары арасында аптасына 1 рет (жексенбі күндері) тұрақты рейс орындауды жоспарлап отыр. Ал Тәжікстан жағынан Алматы мен Душанбе қалалары арасында тұрақты әуе қатынасын 2021 жылғы 18 наурыздан Somon Air әуе компаниясы аптасына 1 рейспен (бейсенбі күндері) қайта бастайды деп жоспарланып отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.