Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының полицейлері бір ай бұрын жоғалған жасөспірімді тапты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2020 17:08 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Сарқан ауданында жоғалып кеткен 15 жастағы бала Алматыда көлік жуу орындарының бірінде жұмыс істеп жүрген екен.

10 қыркүйек күні Сарқан АПБ кезекші бөліміне 15 жастағы жасөспірімнің 49 жастағы заңды өкілі оның жоғалғаны туралы арызданған. Оның айтуынша, жас жігіт 9 қыркүйекте үйден белгісіз бағытта кетіп, оралмаған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің хабар-ошарсыз кетуі дерегі бойынша полицейлер бірден іздеу ісін бастап, оны іздеуге кірісті.

Іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер іздестіріліп жатқан адамның Ақтұма ауылына жаяу жеткенін, содан кейін таксимен аудан орталығына барғанын, сол жерден Алматы қаласындағы "Первомайкаға" жеткенін анықтады. Әрі қарай оның бағыты жоғалды. Бір айдан астам уақыт бойы тәртіп сақшылары Алматы қаласының Жетісу ауданынан баланы тапқанша іздеу шараларын жүргізді. Ол онда жеке пәтерде тұрып, көлік жуу орындарының бірінде жұмыс істеген.

Жасөспірім полицияға адал жұмысы үшін алғыс білдірген заңды өкіліне табысталды. Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған жасөспіріммен алдын алу жұмыстарын жүргізді. Заңды өкіл ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы " Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы" бойынша жауапкершілікке тартылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2020 17:08

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: