Нұр-Сұлтанда 1,3 млрд теңге салықтан жалтарған кәсіпорын басшысы сотталды

zakon.kz zakon.kz
Оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Атырауоблтяжстрой" ЖШС басшысына қатысты аса ірі мөлшерде салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді жүргізуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжаттамалық салық тексерісінің актісіне сәйкес кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 млрд теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған. Салықтардың қосымша есептелуіне жалған шот-фактуралар жазып берген кәсіпорындармен келісімдер негіз болды.

Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 245-б. 3-б. Қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кәсіпорын басшысына 3 жылға коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз