Жаңалықтар тізбегі
0

Бір интим видеосы - 7 мың теңге. Порнографияға түскен қарағандылық әйел ұсталды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2020 21:21 видеодан алынды
Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған.

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбалар таратқан әйелді ұстады. Ұятсыз видеоға әйелдің өзі түсіп, оны саудаға шығарған, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Инстаграм және Телеграмда порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады. Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған. "Hi-tech" жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге өзінің қатысуымен бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған. Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 Ресей рубліне бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған. Ал басты рөлдегі әйелмен интимдік кездесу құны 300 АҚШ долларына белгіленген.

– 27 қазан күні Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311-бабына (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде, – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: