Алматыда жаңа босанған жас ананың жұмбақ өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды
16 мамырда Алматыда перзентханада жаңа босанған әйел қайтыс болды. Содан бері үнсіз дәрігерлер ақыры бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
AstanaTV хабарлауынша, Алматыда босанған әйел мен жаңа туған нәресте қатар көз жұмғаннан кейін, марқұм қаралған барлық медициналық мекемелерді тексеру туралы шешім қабылданған. Дәрігерлер жас ананың өлімінің себебін алда жүргізілетін сараптама мен тексерулер нәтижесіне сілтеме жасап, соңына дейін жасырып келді.
26 жастағы жас келін 10 мамырда Алматыдағы Акушерлік, перинатология және гинекология ғылыми орталығына келіп түскен. 2 күннен кейін оның толғағы басталады. Салмағы 5 келіге жуық ұл бала дүниеге келді. Науқаста жатыр сұйықтығы эмболиясы туындаған. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай патологияны алдын ала болжау мүмкін емес. Сонымен қатар, мұндайда науқасты құтқару үшін еш мүмкін емес көрінеді.
Тоқтамай қан кету болған соң оған ота жасалды. Өкінішке орай, 16 мамырда науқастың биологиялық өлімі тіркелді. Мұндай диагнозды алдын ала болжау мүмкін емес. Мұндай жағдайда 90% өлімге әкеледі, мұндай асқынуды болжау өте қиын, - деді Акушерлік, перинатология және гинекология орталығының өкілі Алуа Мырзаханова.
Бала да қайтыс болды. Бірақ орталық дәрігерлері оның неден қайтыс болғаны туралы ешқандай ақпарат бермеді. Олардың айтуынша, жақын арада учаскелік дәрігерлердің жұмысын қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің комиссиясы тексеруі керек. Олар қайғылы жағдайдың егжей-тегжейін анықтайды. Ал санитарлық дәрігерлер тек акушерлік орталықты ғана емес, сонымен бірге қайтыс болған жас ананың қаралған барлық басқа медициналық ұйымдарды да тексеруге ниетті.
Науқасқа кез-келген медициналық көмек көрсетілген медициналық мекемелердің барлық бағыты тексеріледі. Бүгінгі күні комиссия құрылды, біз патоанатомиялық сараптаманың қорытындысын алдық, сараптама толық көлемде қайтадан өтеді, - деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Эльмира Әуезова.
Әр аурухананы қайта қарау шамамен 10 күнді алады. Комиссия құрамына тек бөлім мамандары ғана емес, тәуелсіз сарапшылар да енді.