Жаңалықтар тізбегі
0

Алған айлықты келесі айлыққа дейін жеткізудің қулықтары

vk.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2020 22:36 vk.com
"Бюджетті жоспарлап үйрену керек еді" деп ай сайын айтып, бірақ сөз күйінде қалдыра беретін болсаңыз, бұл материал сіз үшін.

Жалақыдан жалақыға күн көрмес үшін біз айтқан бірнеше кеңеске құлақ түріп, ереже сақтап үйренуіңіз керек, деп жазады қазақша Курсив.

Жемқорлыққа жоламай-ақ, керек кезде көк тиынсыз қалмаудың жолдары бар.

Жеке қаржылық жоспарда жасаған кезде есіңізде болсын — "несиелерді кешіктірмей төлеп, есебін шығарсам болды" деген ойыңыз болмасын. Өйткені одан бөлек шығынның түрі жетіп артылады. Сол себепті өмірдің өлшемін кре-дитті уақытында төлеу ғана демеңіз. Егер солай ойлатын болсаңыз, айдың орта-сында-ақ тума-туыс, дос-жараннан қарызға ақша сұрап, "айлық түскесін қайта-рам" деумен боласыз. Негізі бюджетті нақты жоспарлау үшін арнайы кесте жа-сап не мобайл қолданбаның көмегіне жүгінуге болады. Бұл жағдайда тиынның да есебі көрініп тұрады. Өзіңізге де оңай.

Бір айлық шығынды жоспарлап үйрену

Әркімнің айлығы әр түрлі уақытта түседі. Мәселен жәрдемақы не зейнетақы — айдың басында, жалақылардың дені айдың екінші бөлігінде не соңында аударылады. Сондықтан бәріне бірдей уақытты таңдау керек деген кеңес бере алмаймыз. Күнтізбелік айдан гөрі жалақыдан жалақыға дейінгі мерзімді жоспа-рлап үйренген жөн. Айталық, жалақыңыз әр айдың 30-на түседі десек, 30 қазан мен 30 қараша аралығына арналған бюджет жоспары деп алуымыз керек.

Түсетін табыс

Алдымен бір айда табатын табысыңыздың көлемін анықтап алыңыз. Кейбірі бір айлықпен отырса, енді бірінің бірнеше жерде табыс көзі бар. Сол себепті барлығын біріктіріп, қосып, соңында белгілі бір соманы шығарыңыз. Жалақы, шәкіртақы, қосымша түсетін табыс, пәтер жалға беретін болсаңыз оның ақысы, әлдекім осы айда қарызын қайтаратын болса оны да есептеңіз. Әсіресе, әр айда табыс көлемі әр түрлі болатын адамдар қаражатын басқарып үйренуі тиіс. Се-бебі көбіне тұрақсыз табыс табатындардың қаражаты көбіне желге ұшып, әр уақытта түетіндіктен шашырап, қайда кеткені білінбай қалады.

Шығатын шығын

Бір айда шығатын шығынның бәрін тізуге тырысыңыз. Әсіресе, ең көлемді әрі маңыздысын басты назарға алу қажет. Ол тізім шамамен мынадай болуы мүмкін:

• Азық-түлік (тек үйге арналған емес, жұмыста тамақтанатын болсаңыз, оның да есебін шығару керек);
• Коммуналдық төлем (әр айда шамамен ұқсас сома шығады. Түбіртекке мұқи-ят қарап, салыстырып, есептеуді де үйренген жөн болады);
• Жол ақысы (автобус не таксимен баратын болсаңыз, күнделікті қанша ақша кететінін, машинаңыз болса, бір айда шамамен қанша бензин "жейтінін" есеп-теп үйреніңіз);
• Ұялы телефон шығындары (бір айға қосатын тарифіңіз, қосымша трафик)
• Тұрмыстық химия заттары
• Біреуге беретін қарыз
• Кредит

Әлбетте, бұл тек шамамен айтылған тізім. Әркім өз қолайына қарай құрады. Бірақ осылай тізім жасау арқылы жүйелі жұмыс істеу оңайырақ. Мысалы кей-біреулер ай сайын алатын дәрісін қосады, енді бірі баласының үйірмесі, мектебі мен балабақшасын төлейді. Міндетті төлемге жатпаса да, аптаның соңында от-басылық күн жариялап, тамақтанатындар не киноға баратындар да мұны шығын ретінде қосып, алдын-ала есептегені дұрыс. Бір айта кетерлігі, бүгінде көпшілігі депозит ашып, соған тұрақты түрде табыстың бір бөлігін құяды. Бұл — жақсы әдет. Кейбірі банкте, кейбірі банкада сақтайды. Болмаса, болашақ үйіме не ба-лам кәмелетке келгенше деп ақша жинайтындар бар. Айтпақшы, тұрақты түрде ақша салып тұрудың бір жақсы әдісі — автотөлем жасау қою. Сонда ұмытып кету мүмкін емес.

Жоғарыда міндетті шығындарды айттық. Сол сияқты ерікті шығындар да бар. Оған әлгі айтқан кино не кафеге баруды жатқызамыз. Енді осыған келсек. Міндетті шығындарды есептеп, қосып, қанша ақша шыққанын білген соң, бір айдағы табысыңыздан қысқартыңыз. Сонда сізде бір айға қанша ақша қалғаны белгілі болады. Оның өзін екі түрлі тәсілмен жұмсауға болады: ол қаражатты киім, қыдырыстарға бөлу не болмаса қалған соманы бір айға теңдей бөлу. Мы-салы сізде міндетті шығындарды алып тастағанда қалтаңызда 90 мың теңге қалатын болды делік. Екінші тәсілді қолданатын болсаңыз, сол 90 мыңды 30 не 31-ге бөлесіз. Сонда сізге бір күнде ең көп дегенде 3 мың теңге ғана жаратуға болатыны белгілі болады. Егер 5 мың теңге құртып қойсаңыз, бір күннің "ақысын жеп қойған боласыз". Соны ескеріңіз. Бұл әдістің бір жақсысы, ақша жаратып жатқанда ойша сізде көрініс пайда болады. Аяқ-асты бір зат алайын деп жатқанда, оның бағасы 15 мың теңге болса, қалған төрт күнде шығын шығармай жүруіңіз керегі көз алдыңызға келеді. Сол сияқты бір күн үйден шықпай, еш шығын шығармаған болсаңыз, келесі күні 6 мың теңге құрта ала-тыныңызды біліп тұрасыз. Қалай, жақсы әдіс пе екен?

Жылдық бюджетті жоспарлау

Негізі алдымен айлық жоспарды орындап, жүргізіп үйренген адамға жылдық жоспар жасау оңайырақ болады. Өйткені жылдық жоспар көз мөлшермен жа-салғандықтан, өте көп өзгеріс болуы ықтимал. Сол себепті жылдық бюджет жо-спарын құрастырған кезде бірден екі данада кесте құрыңыз. Біреуін болжам ретінде жасайсыз, екіншісі нақты көрсеткіш бойында тұрады.

Тапқан табыс

Табысы тұрақты адамдар табысын кестеге түсіре салады. Әр айда сол бекітіл-ген соманы енгізеді. Сомасы өзгеруі мүмкін жер — еңбек демалысының ақысы. Бұл енді болжалды жасалады. Бірақ кезекті еңбек демалысын алатын адам үшін шамамен қанша теңге түсетінін біледі деп ойлаймыз.

Ал енді тұрақсыз табыс иелерінде сәл күрделірек. Өйткені бір жылға жоспар-лайын десе, қай айда жағдайдың қалай, табыстың қандай болатынын болжау қиын. Табысқа қатысты болжам жасаудың бұл жағдайда үш жолы бар:

1. Ай сайын өмір сүруге жеткілікті сома табатыңызды білесіз. Бірақ нақты со-маны айту қиын. Мұндай жағдайда орташа табыс көлемін шығарыңыз. Егер бір айда одан сәл көптеу тапсаңыз, жинай беріңіз. Себебі енді бір айда ор-таша табысқа жетпей қалса, есесін келтіріп, орнын толтырады.

2. Тұрақты табысыңыз жоқ, сондықтан ай сайын тұрақты түрде ақша табаты-ныңызға сенімді емессіз. Бұл кезде ең минимал табысты жазыңыз. Осылай-ша есеп жүргізесіз.

3. Кей табысыңыз тұрақты болғанымен, нақты болжам жасау қиын. Мысалы сізде бекітілген жалақы бар. Бірақ одан бөлек, сыйақы не қаламақы бар. Оның көлемін нақты айту мүмкін емес. Мұндайда тұрақты табысыңыз ең бірінші кезекте төленуі керек төлемдерге кетіп, ал қаламақыңыз өзге шығындарға кететіндей етіңіз.

Шығатын шығын

Шығындарды жазатын кезде, міндетті төлемдерді бірінші кезекте ескеріңіз. Ол алдыңғы тізімдегідей, азық-түлік, коммуналдық төлем, жол ақысы, кредит және т.б. Сонымен бірге жылдық жоспар жасағанда, жыл мезгіліне қарай шығындардың өзгеріп отыратынын да ескеру керек. Айталық, сіз былтыр ғана жаңа қыстық етік алғандықтан, қалың күртешені келесі жылға қалдырған едіңіз. Демек, биыл етік болғанымен, қалың күртешеге шығындалу қажет болады. Сол сияқты қыс кезінде жылу үшін коммуналдық шығын көбірек шығады. Ал еңбек демалысына шығатын айда шығынның басқа айлардан еселеп көп кетеді. Дема-лыстан кейін айлық күтіп жүріп қаласыз. Осы сынды сәттердің бәрін жіпке тізіп, мүлт жібермеуге тырысқаныңыз дұрыс.

Әрі ертерек жоспар жасағанда өміріңіз жүйелірек болады. Мысалы шілдеде еңбек демалысына шығатын болсаңыз, шетелге шығатын не ауылға баратын да-та белгілі. Билеттерді арзандау бағаға алып қоюға болады. Ол үшін шығындар есебін алдын-ала жүргізу керек. Сонымен бір жылда бір төленетін шығындарды ұмытпау қажет. Мысалы жылжымайтын мүлік не автокөлік салығы, туған күнді тойлау, жаттығу залына бір жылдық абонемент алу және т.б. Осылай жоспарлап көріңіз. Ойыңыз реттеліп қалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: