Өскеменде билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

3 Қараша 2020, 12:40
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

2 қарашада Шығыс Қазақстан облысынан билеті бар 49 адам ұшаққа отыра алмады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов айтқандай, Шығыс Қазақстан облысынан 49 әуе жолаушысы ПТР-анықтамасы болмаған, сондықтан оларды Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына бағыт алмақ ұшақтарға отырғызуға тыйым салынған.

2 қарашада ПТР-анықтамасы бар 385 жолаушы облыстан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына ұшып шықты.

ПТР-анықтамасы жоқ 33 адам Өскемен және Семей әуежайларынан Нұр-Сұлтанға ұшқысы келген. Олардың екеуінңғ қолындағы ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткен.

11 адамға Алматыға, ал Өскеменнен 5 адамға Шымкентке ПТР-тестісіз ұшуға тыйым салынды.

Бұрын хабарланғандай, КВИ диагнозын жоққа шығаратын ПТР-анықтамасы болған жағдайда ғана Шығыс Қазақстаннан кету үшін ұшақ пен вагондарға отырғызылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?