Ақтөбеде ауылдасынан үш жыл бойына ақша бопсалаған ер адам ұсталды

3 Қараша 2020, 14:26
Сурет: mir24.tv

Ақтөбеде ауылдасын үш жыл бойына бопсалап, ақша алып отырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2 қарашада полицияға Мұғалжар ауданының 45 жастағы тұрғыны өзін ауылдасы ақша бопсалайтындығы туралы арызданған. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 33 жастағы күдіктіні 20 мың теңге көлемінде ақша беріп жатқан кезінде ұстады. Жеке тінту кезінде күдіктіден бұрын алған ақша да табылып, тәркіленді, - деп атап өтті облыстың ПД баспасөз қызметі.

Кейін күдіктінің 3 жыл бойы күш қолданып, қорқыту арқылы ақша бопсалағаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, "Ақша бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол бойынша 4 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?