Қостанайда сатушыны пышақпен қорқытқан ер адам қолға түсті
Сурет: ҚР ІІМ
Күдікті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
31 мамыр күні кешкі сағат 9:00 шамасында Карбышев көшесіндегі дүкендердің бірінде белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, 20 мың теңгеге жуық ақшаны қолды қылған.
"Келіп түскен бағдар бойынша пәтерлердің бірінен 33 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды", – деді Қостанай облысы ПД ЖҚАЖ аға инспекторы Жанболат Жаутин.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ведомствода жыл басынан бері жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері 22 қылмысты ашқанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript