ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментіне басшы тағайындалды

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Амрин Рустамбек Нұрланұлы 1980 жылы 14 қаңтарда Омбы қаласында дүниеге келген.

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен азаматтық қорғау полковнигі Рустамбек Амрин ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Амрин Рустамбек Нұрланұлы 1980 жылы 14 қаңтарда Ресей Федерациясының Омбы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы РФ ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының Екатеринбург филиалын, 2004 жылы Омбы заң академиясын, 2009 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі", "Заңтану" мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Азаматтық қорғау органдарында-1997 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс атқарады.

Еңбек жолын 2000 жылдың тамыз айында РФ Омбы облысы ІІБ МӨҚ 10 жасағының 20 өрт сөндіру бөлімінің жеке постының профилактикалық құрамы тобының инспекторы қызметінен бастады.

2001 жылдың шілде айында РФ Омбы облысы ІІБ МӨҚ 20 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымына тағайындалды.

2006 жылға дейін өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және Астана қаласы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

2016 жылдың мамыр айында ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

ІІМ-нің 2019 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті дағдарыс жағдайларында басқару орталығы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

2019 жылы шілдеде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығын басқарды.

2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз