ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков болды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі 26 желтоқсанда хабарлады.
1981 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы Ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған.
2003-2007 жылдары — Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің тергеуші маманы, аға тергеушісі.
2007 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ІІМ Академиясының ғылыми-зерттеу институты құрылымында жұмыс істеді.
2010-2018 жылдары — бөлім бастығы, Штаб-басқарма бастығының орынбасары, Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы ІІД басшысының орынбасары.
2019 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары болды.
2019-2021 жылдары — Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2021-2023 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы.
2023-2024 жылдары — ҚР ІІМ Қостанай академиясының бастығы.
2024 жылы — ҚР ТЖМ департаменті басшысы.
2024 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы.
Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы тағайындалғанын жазғанбыз.