Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы тағайындалды

Рамиль Камалов, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 19:58 Сурет: primeminister.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Рамиль Камалов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Алдында бұл лауазымда болған Нұрболат Дербісов 2023 жылы жазда ұсталған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рамиль Камалов 1976 жылғы 5 маусымда Торғай облысы Есіл ауданының Красногорский ауылында дүниеге келген. 1996 жылы ҚР ІІМ Павлодартехникалық колледжін "Ұйымдастыру және өртке қарсы қорғау техникасы" мамандығы бойынша, 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Стандарттандыру, метрология и сертификациялау" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

  • 1996-1998 жылдары - Ақмола облысы ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының №84 жекешелендірілген әскерлендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау инспекторы.
  • 1998 жылғы қаңтар-сәуір аралығы - Ақмола облысы МӨҚҚ №19 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы.
  • 1998-1999 жылдары - Астана қаласының МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы.
  • 1999-2001 жылдары - Астана қаласы "Өрт сөндіруші" РМК филиалының №7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері.
  • 2001-2002 жылдары - Астана қаласының "Өрт сөндіруші" РМК №11 филиалының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
  • 2002-2005 жылдары - Астана қаласы "Өрт сөндіруші" РМК филиалының өрт сөндіру тобының бас маманы.
  • 2005-2006 жылдары - ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы.
  • 2006-2009 жылдары - ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімінің бас маманы.
  • 2009-2010 жылдары - ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы.
  • 2010 жылғы сәуір-қараша аралығында - ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бастығы.
  • 2010-2014 жылдары - ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы.
  • 2014-2015 жылдары - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.
  • 2015-2017 жылдары - ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары.
  • 2017 жылғы маусым айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып келді. 

Айта кетсек, 2023 жылғы 20 шілдеде Антикор жүргізген жасырын іс-шаралардың нәтижесі бойынша ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент және Жетісу облыстары бойынша ТЖД бастықтары пара алғаны анықталғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: