Жаңалықтар тізбегі
0

Дмитрий Титов ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетін уақытша басқаратын болды

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 14:50 Сурет: gov.kz
Дмитрий Титов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы болды. Ол осы комиттеттің төрағасы Нұрболат Дербісовтің орынбасары болған, деп хабарлайды Zakon.kz .
"Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болмаған кезеңде бір-бірін алмастыратын лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес төрағаның міндетін атқару төрағаның орынбасары Титов Дмитрий Анатольевичке жүктелді", – деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Дмитрий Титов 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келді.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін "өрт қауіпсіздігі" мамандығы, 2000 жылы Көкшетау техникалық институтын "өрт қауіпсіздігі" мамандығы, 2007 жылы Орталық Азия университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

Мансап

1997-1998 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Өскемен қ. № 2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы лауазымында қызмет атқарды.

1998-2001 жылдар аралығында Өскемен қ. №1 және 3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2001 жылдың наурыз айынан бастап 2006 жылдың қыркүйек аралығында Өскемен қаласының №1 және 6 өрт сөндіру бөлімінің бастығынан Өскемен қаласының №1 жасағы бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарды.

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 2012 жылдың желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысының "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап 2014 жылдың желтоқсан айы аралығында Шығыс Қазақстан облысының "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесін басқарды.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың сәуір айы аралығында Шығыс Қазақстан облысының "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2019 жылдың сәуір мен қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайларында басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2019 жылдың қазан айынан бастап 2022 жылдың мамыр айы аралығында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының оынбасары лауазымына тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: