Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстан электр энергияны Қазақстаннан алатын болды

Janarbek Joldoshbaev (RFE/RL), сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 16:14 Janarbek Joldoshbaev (RFE/RL)
Биыл Тоқтағұл су қоймасында су аз.

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Равшанбек Сабиров 2020 жылы Қазақстаннан 500 млн киловатт-сағат электр энергиясын сатып алатынын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ол мұны 5 қарашада өткен Жогорку Кеңештің отырысында айтты.

"Қазір өзіміздің Тоқтағұл су қоймасында 14,7 млрд текшеметр су бар. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 млрд текшеметрге аз. Үкімет тапсырмасына сәйкес, Қазақстанмен 300 млн кВт/сағат электр энергиясын алмасамыз. Бұдан бөлек Қазақстаннан жылдың соңына дейін киловатт-сағаты 2,4 центке 500 млн кВт/сағат электр энергиясын сатып аламыз", - деді Равшанбек Сабиров.

Осыған дейін "Электр станциялары" кәсіпорны Тоқтағұл су қоймасында биыл су аз деп мәлімдеп келген. Жалпы бұл су қоймасы 19 млрд 500 млн текшеметр суды сақтауға арналған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: