Ауыл қазағы полиция жеткенше келінінің бетін ашып үлгерді

11 Қараша 2020, 11:49
Сурет: ТО ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда карантин режимі әлі де сақталып жатқаны баршаға белгілі. Десек те тұрғындар тарапынан әлі де болса мұны сезінбей, біршама адамның басын қосып той жасау жайттары толастамауда, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет етуде. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, қандай да адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда.

Осындай кезекті рейд барысында Отырар АПБ-нің қызметкерлері мобильдік топпен бірге Қоғам ауылында тұрғын-үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын жасап, 80-нен астам туыстарын жинаған тұрғынды анықтады. Бет ашу рәсімін жасаған тұрғынмен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, карантин кезінде мұндай шараларға жол берілмеуі керектігі туралы ескертті. Той иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Отырар аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Осы тұста айта кетер жайт, Отырар ауданы аумағында мобильдік топтар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бап бойынша 206 карантин талаптарын бұзуды анықтады, оның ішінде 32 жайт үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?