Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар "Қорғастағы" кезек пен парақорлыққа шағымданды

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 20:49 inbusiness.kz
Жүк тиеген көліктердің шекарада тұрғанына 2-3 ай болып кеткен.

Депутаттар Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы - Қорғас" бақылау-өткізу бекетіндегі бірқатар мәселелерді шешуді сұрайды. Олар бақылау бекетіндегі бопсалау мен ұзын-сонар кезектерге баса назар аудартады. Депутаттар сауалы ҚР Премьер-министр Асқар Маминге жолданды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ақ жол" фракциясының депутаты Меруерт Қазбекова бақылау-өткізу пунктінің ашылған кезде тәулігіне 2500-ге дейін көлік өткізуге болатындығы көрсетілгенін, ал бір көлікті өткізу уақыты 30 минутқа дейін қысқаратыны айтылғанын еске салды. Сонымен қатар, "Астана-1" кеден органдарының ақпараттық жүйесінің арқасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, "адами фактор" барынша азайтылатыны да қадап айтылған. Алайда, биылғы жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар "Ақ жол" партиясының депутаттарына осы өткелдегі проблемалар мен ақша бопсалау туралы шағымдарымен жүгінді.

- 16 тамызда фракция депутаттары көрсетілген кеден бекетінде болды, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Сапар кезінде өткізу пунктінде 50 шақырымға созылған 2,5 мың автокөліктен тұратын кезек пайда болды. Жүргізушілер жүк машиналарының 2-3 ай бойы қозғалыссыз тұрғанына, ал кейбіреулері "өткізгіш" деп аталатын жол полициясының қызмкеткерлерінің арқасында кезексіз өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді, олардың кедергісіз өткізу ставкалары 1-3 мың доллар аралығында болған - деді Меруерт Қазбекова.

Фракция сапар қорытындыларын үкіметке жолдады. Содан кейін, ұсынылған жауапта олар көрсетілген проблема бақылауда екенін және жағдайды шешу үшін шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Алайда қараша айында кәсіпкерлер тағы да сол проблемаларды "Ақ жол" депутаттарына жолдады. 6 қарашада олар бақылау-өткізу пунктіне тағы барды. Сапардың және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесулердің нәтижесінде мәселеге қатысты белгілі бір жылжу байқалды, бірақ кәсіпкерлер электронды кезектің дұрыс жұмыс істемейтінін, оның "Астана-1" кедендік жүйесімен синхрондалмайтынын, сондай-ақ айлар бойы кезек күтіп жатқандар барын, яғни бұл мәселе өзектілігін жоймағанын қайтадан көтеруде.

- Шамамен 600-ге жуық жүк көлігі орналастырылған Құрғақ порт аумағында қарапайым қолайлылықтың өзі жоқ, мысалы, жүргізушілер тамақты өз көлігінің кабинасында ішеді, оның үстіне құрғақ порт басшылығы сол жерде жүк көліктерінің кабиналарында тұрып жатқан жүргізушілерді тамақтандыру құқығы үшін алым алады, ол - бір көлік үшін 30 мың теңге. Күту кезегінде тұрған көп көлікте тиелген өсімдік майы, минеральды сусындар және тағы басқа тауарларды жеткізу мерзімі де өтіп барады. Қытай тарапының келісімшарттардың бұзылуына байланысты жүктерден бас тарту жағдайлары қазірдің өзінде бар, деп атап өтті депутат.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: