Жаңалықтар тізбегі
0

Сирияға Қазақстанның гуманитарлық жүгі алғашқылардың бірі болып жетті

Гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 21:55 Сурет: ҚР ТЖМ
Сирияның Алеппо қаласына алғашқылардың бірі болып гуманитарлық жүк тиеген қазақстандық ұшақ қонды. Рейс қауіпті болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гуманитарлық жүкті тиеген автоколонна Сирияның шығыс провинциясы Дейр-эз-Зордан келіп жетті. Бір апта бұрын келіп жеткен алғашқы гуманитарлық жүкті көтерілісшілер мен күрд билігі арасындағы дүрдараздыққа байланысты кері қайтарған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Сирияда жылжымалы емханалар көмек көрсетуде. Мұнда зардап шеккендер соңғы 24 сағатта ғана келе бастаған. Бірақ әлі дәрі-дәрмек пен шығын материалдары жеткіліксіз, - дейді ұйымдастырушылар.

"Жер сілкінісі кезінде көптеген медицина қызметкерлерінен айырылдық. Көптеген дәрігер қайтыс болды. Бұл - бізді осы жерде қызмет көрсетуге ынталандырған себептердің бірі. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек, құрал-сайман, керек-жарақтар жетіспейді".Волонтер дәрігер Мохаммад Мусатат

Сирияның солтүстік-батысындағы жер сілкінісінен 4 400-ден астам адам қаза тауып, 8600-ден астам адам жарақаттанған. Жағдай қиын, - дейді билік өкілдері. Шатырлар жетіспейді, тағам, дәрі-дәрмек тапшы.

"Мәселе әрине, шатырда немесе тамақта емес. Халық өздерінің жақсы өмір сүруге лайықты екенін сезінгісі келеді. Ең бастысы - олар өмір сүріп жатқан блокададан өту". Солтүстік-батыс Сириядағы өз-өзін жариялаған үкіметтің денсаулық сақтау министрі Хусейн Базар

Сирияға гуманитарлық көмек алып барған экипаж елге оралды. 50 тонна гуманитарлық көмек Алеппо провинциясына жеткізілген. Жауапты мамандардың айтуынша, заттар жергілікті шенділердің көмегімен тұрғындарға таратылды.

"50 тоннаның көбісі төсек-орын жабдықтары, шатыр. 4 рейс болды. Солардың соңғы үшіншісі мен төртіншісі толық азық-түлік болды. Консерв түрінде. Ет консервасы және сүт, сгущенка". Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйымның бас директоры Ерлан Әлімжанұлы

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Киім-кешек, қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары мен өзге де күнделікті қолданысқа қажетті заттар Газиантеп қаласына жеткізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: