Жаңалықтар тізбегі
0

Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек келіп жетті

Гуманитарлық көмек, Таулы Қарабақ, халықаралық Қызыл крест, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2023 13:40 Сурет: freepik
Қызыл Кресттің гуманитарлық жүк тиеген көліктері Таулы Қарабаққа келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гуманитарлық көмек бидай ұны, тұз, құрғақ ашытқы және күнбағыс майын қоса есептегенде 70 тоннаға жуық жүктен тұрады, деп хабарлады Халықаралық Қызыл крест комитеті.

Гуманитарлық жүк Армения мен Таулы Қарабақты байланыстыратын жалғыз жол - Лачинский көлік дәлізі арқылы жеткізілді.

Халықаралық Қызыл крест комитеті қарулы қақтығыс кезінде жараланған 17 адамды медициналық мақсатта эвакуациялағандарын, сондай-ақ дәрі-дәрмектер мен опат болғандардың денесін салатын қаптар жеткізгендерін де айтады.

19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта лаңкестікке қарсы операция басталғанын жариялаған болатын. 21 қыркүйекте тараптар оқ атуды доғаруға келісті. 

Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі Әлім Байел Қазақстан Әзірбайжанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық қолдайтынын тағы да растайтынын мәлімдеген болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: