Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растады – елші

Әлім Байел, Әзербайжандағы Қазақстан елшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 19:27 Сурет: Facebook/Alym Baiel
Әзербайжандағы Қазақстан елшісі Әлім Байел Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ ол қалыптасқан жағдай жуық арада реттеледі деп үміт білдіреді.

"Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растайды. Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптаймыз. Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз".Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел


19 қыркүйекте Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция басталғанын жариялады

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: