Президент Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісін тағайындады
Сурет: wikimedia
Әлім Байел Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі болды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда сайтындағы ресми құжатта.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript