Ұлыбритания ҚР-дың Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаудағы ұстанымын жоғары бағалайды - Клеверли
Сурет: Zakon.kz
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанада өткен брифингте Қазақстанның Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаудағы дәйекті және принципті ұстанымы жоғары бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға ресми сапары басталды. Астанада оның қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіліп жатыр.
"Ресейдің Украинадағы соғысы және оның территориясының бір бөлігін басып алу әрекеті БҰҰ Жарғысының қағидаттарын бұзу болып табылады. Бұл - украин халқының өз болашағын таңдауға деген негізгі құқықтарын жоққа шығару. Қазақстанның Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаудағы дәйекті және принципті ұстанымын және соғысты БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес шешуге деген ниетін жоғары бағалайды". Джеймс Клеверли
Ол Ұлыбритания Қазақстанды өзінің орасан зор ядролық әлеуетінен бас тартқан тәуелсіз және егемен ел ретінде құрметтейтінін атап өтті.
"Қазақстан ядролық қауіпсіздік мәселелерінде өзінің көшбасшылығын көрсетуде. Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды ұстаным. Сіздердің Президентіңіздің әртүрлі саладағы реформаларға деген адалдығын жоғары бағалаймын". Джеймс Клеверли
Осы аптаның басында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдіктерінің достастық және даму істері жөніндегі Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары 17-18 наурызда өтетіні белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript