Бүгін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Астанаға келеді
Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің мәліметінше, Джеймс Клеверли ҚР СІМ басшысы Мұқтар Тілеубердінің шақыртуымен келе жатыр. Сапар барысында Ұлыбритания СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, премьер-министр Әлихан Смайыловпен және басқа да министрлермен кездесуі жоспарланған.
Айта кетсек, қос саясаткер Лондонда 6 желтоқсанда Қазақстан-Британия стратегиялық диалогы кезінде кездекен.
"Бұл менің Қазақстанға алғашқы сапарым, соңғысы да болар қоймас деп үміттенемін. Мен осында келгеніме шын жүректен қуаныштымын. Сондай-ақ қысқа сапарым жексенбі күні өтетін маңызды Мәжіліс сайлауының алдында тұспа-тұс келгеніне ризамын", - дейді Джеймс Клеверли жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында.
Ол кейінгі 31 жыл ішіндегі екі ел арасындағы қарым-қатынастың сауда және инвестиция, қаржы және құқық, білім мен мәдениет, сондай-ақ қауіпсіздік саласында – бітімгершілік бойынша ынтымақтастық сияқты негізгі тұғырларын нығайта отырып, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі қарай дамытуды жалғастыру жайын талқылауға ниетті екенін де жеткізеді.