Президент Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергиспен кездесті
Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріле отырып, Қазақстан мен Литва қарым-қатынастарын дамыту перспективасы, сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекет мәселесі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Габриэлюс Ландсбергиске ілтипат білдіре отырып, Литва еліміздің Балтық жағалауы аймағы мен Еуропалық Одақтағы басымдыққа ие серіктесі екенін айтты. Бұдан бөлек, олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Кездесуде үкіметаралық ынтымақтастықты және екі елдің іскер топтары арасында көлік, логистика, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы іс-әрекетті жандандырудың маңыздылығы сөз болды.
Өз кезегінде Габриэлюс Ландсбергис Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Литва Президенті Гитанас Науседаның жүрекжарды сәлемін және ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Литва Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты.