Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Қазақстанға 17 наурызда келеді

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Қазақстанға 17 наурызда келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 16:53 Сурет: gov.uk
Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің Сыртқы істер достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада Джеймс Клеверли президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездеседі.

Сонымен қатар сапар аясында Астанада ІІ Элизавета атындағы сквердің ашылуы жоспарланған.

"17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия құрама корольдігінің Сыртқы істер достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді. Астанада Джеймс Клеверли президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және премьер-министр Әлихан Смайыловтың қабылдауынад болады. Сонымен қатар Қазақстан сыртқы саяси ведомствонысынң басшылығымен келіссөздері ұйымдастырылады. Сапар аясында Астанада саябақтардың бірінде ІІ Элизавета атындағы сквердің ашылуы көзделген", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен бірге сапар барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

"Біз Ұлыбританиямен саяси және сауда-экономикалық және инвестициялық, соның ішінде мәдени-гуманитарлық салада өте тығыз байланыстамыз. Біздің елден қаншама азамат сол жақта оқып жатыр. Барлық сұрақтарды талқылаймыз".Айбек Смадияров

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: