Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жоғалып кеткен 14 жасар бала Қызылордадан табылды

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2020 23:44 Ашық дерекөздерден алынды
Ол ажырасып, басқа қалада тұратын әкесін іздеп бара жатыпты.

Үйінен қашып кеткен 14 жастағы алматылық жасөспірім бір тәулік ішінде Қызылорда қаласынан табылды, – деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, 14 қарашада Алматы облысы, Панфилов аудандық полиция бөліміне 14 қараша күні кешкі сағат 18:00-де кәмелетке толмаған баласының үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы 36 жастағы әйел адам хабарласып, оны іздеуге көмектесуді сұраған.

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен, Қазақстанның барлық қалаларына жасөспірімнің суреттері бар бағдар жіберілген.

Жоғалған жасөспірімге қатысты бағдар алған Қызылорда қалалық ПД қызметкерлері еріктілермен бірге кәмелетке толмаған баланы іздестіруге белсене қатысып, қарқынды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде 15 қараша күні сағат 16:00 шамасында жасөспірім Қызылорда қаласының автовокзалынан табылып, әкесіне аман-есен тапсырылған.

Мән-жайды анықтау барысында баланың үйінен кетіп, Шымкент қаласына дейін жетіп, таксимен Ақтөбе қаласында тұратын әкесіне бармақ болғаны анықталды.

Баланың әкесі қызылордалық полицейлерге кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: