Астанада жоғалып кеткен бес жасар бала табылды

Жоғалған бала, Астана, полицей, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 11:27 Сурет: t.me/POLICE_of_KZ
Сарыарқа ауданында әкесімен аулаға серуендеуге шыққан бес жасар бала жоғалып кеткен. Өз бетімен ұлын іздеп таба алмаған ер адам дереу полиция көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жеткен полицейлер іздестіру жұмыстарына бірден кірісті.

"Ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлар, патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдер аумақты тексеріп, бақылау камераларын қарап шықты. Камера жазбаларынан баланың алдымен аулада жүргені, кейін подъездердің біріне кіргені анықталды. Осылайша бала аман-есен табылып, әкесіне тапсырылды", делінген 2025 жылғы 16 қарашадағы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін Абай облысында патрульдік полицейлер қырағылығының арқасында кісі өлімінің алды алынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: