Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Covid-19 вакцинасына Жаңа жылда қол жеткізе аламыз ба?

Алынған мәліметтер күткен нәтижеден де асып түсті.

Сурет : Pixabay19 Қараша 2020, 13:52

Еуропада және АҚШ-та коронавирусқа қарсы тиімді вакцина жасалды деген соңғы жаңалықтардан кейін вакцинация бағдарламаларының жоспары түзіле бастады, деп хабарлайды zakon.kz Global Times-қа сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясын жеңуге деген үміт АҚШ-тың Moderna биотехникалық фирмасы вакцинасы сынақтарының 95% тиімді болуын растауы жария болған соң артты. Осындай нәтижелерді бір апта бұрын фармацевтика алыбы - Pfizer және оның неміс серіктесі BioNTech компаниялары жариялады.

Жұқпалы аурулар бойынша жетекші америкалық сарапшы Энтони Фаучи нәтижелерді жоғары бағалады. Оның айтуынша, алынған мәліметтер күткен нәтижеден де асып түсті. Бізде 94,5% тиімді вакцина бар деген идея таңқаларлықтай әсер қалдырады, - деді ол.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету басқармасы желтоқсанның басында Moderna және Pfizer-BioNTech вакциналарын мақұлдауы мүмкін. Жоспарға сәйкес, қаңтардан бастап ай сайын 25 миллионға дейін адам вакцинацияланады.

Франция билігі вакцинация бағдарламасы қаңтардан басталады деп мәлімдеді. Алайда, алдымен ЕО-ның қадағаушы органдарынан келісім алу керек. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Еуропалық комиссия ЕО елдеріне коронавирусқа қарсы вакцина ұсынуға міндеттелді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер